АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Эстонияның Әділет министрлігі құрсағындағы баланың денсаулығына саналы түрде зиян келтірген аяғы ауыр әйелдерді жазалауға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр.
Muslim.kz сайтының жазуынша, Аяғы ауыр әйелдер шылым шегетін болса немесе шарананың денсаулығына зиян келтіретін қандай да бір әрекетке баратын болса, оларға 96-дан 1600-ға дейін еуро айыппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Денсаулық сақтау институтының мәліметіне қарағанда, өткен жылы аяғы ауыр әйелдердің 8,3 пайызы темекі тартқан.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.