Эстонияны азат етуде қаза тапқан майдангердің сүйегі елге жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қазақстандық сарбазы қатардағы жауынгер Николай Сорокиннің сүйегі Қазақстанға жеткізілді.

Ол 1944 жылы неміс басқыншыларынан Эстонияны азат етуде қаза тапқан, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
 

 Жерлеу рәсімін әскери қызметшінің туған қаласы Семейде өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сүйектері Астана әкелінді, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери жоралғылар жасалып, естелік іс-шаралары ұйымдастырылды. Батыр қазақстандыққа құрмет көрсету үшін ардагерлер ұйымы, «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебі мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астанадағы оқу орындарындағы әскери кафедралар студенттері жиналды.
 

 «Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Ерлігі үшін» медалімен бірге Николай Федорович Сорокиннің сүйектері табылды. Медалдің нөмірінің арқасында оның өзін анықтауға мүмкіндік болды, содан соң жақындары мен туыстарын іздестірдік. Сарбаздың сүйектерін туған жеріне қайтарғанымызға өте қуаныштымыз», - деді эстондық «Front Line» Әскери-тарихи бірлестіктің өкілі  Андрей Лазурин.
 

Осындай естелік іс-шаралары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің  басшылығымен Семей қаласындағы гарнизонның офицерлер үйінде өткізіледі.