Эстрада жұлдыздары Жаңа жыл түні ашық аспан астында өнер көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанындағы мұз қалашықта қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт өтеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада жаңа жыл түні Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, «Орда» тобы, «Дабыл» тобы және тағы да басқа әртістер өнер көрсетеді.

Еліміздің бас шыршасының жанында ашылған мұз қалашығында келушілерді көп қызық күтеді. Сонымен қатар, жаңа жыл түні мерекелік отшашу ұйымдастырылады. 2017 жылы отшашу елорданың үш ауданында - «Хан Шатыр» СОСО жанында, Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысындағы саябағында болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар коньки тебуді ұнататын жандар үшін жағалаудағы жаңа жыл түні ерекше болмақ. Мұнда қала тұрғындары үшін жаппай коньки тебу ұйымдастырылады.