Есту қабілетінен айрылған астаналық шахматшы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шахматтан Еуропа чемпионаты Украинаның Львов қаласында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-21 шілде күндеріөткен Еуропа чемпионатына 20 елден 200-ге жуық есту қабілетінен айрылғаншахматшы қатысты. Оның ішінде Беларусь, Хорватия, Чехия, Эстония, Англия,Германия, Голландия, Израиль, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния,Португалия, Польша, Сербия, Словеня, Словакия, Швеция, Швейцария елдері бар.

«Нұр-Сұлтанқаласындағы мүгедек жандарға арналған спорт мектебінің түлегі Әлия Мұратовашахматтан Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Әлия спорт шеберінекандидат, биыл өткен шахматтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Соңғы4-5 жыл бойы республикалық және халықаралық түрлі деңгейдегі жарыстардыңжеңімпазы. Әлияны 7 жыл бойы елімізге танымал шахмат жаттықтырушысы СағымбайДәуренбеков тәрбиелеп келеді. Тағы бір айтып өтетін жайт, Еуропа чемпионатыәлем чемпионатына жолдама алып, онда нәтижелі ойын көрсетуге тікелей ықпалетеді», - деді елордалық мүгедек жандарға арналған спорт мектебінің баспасөзхатшысы Карина Дүйсенова.


Елордалық спортмектебі өкілінің сөзіне сенсек, Ә. Мұратова үстіміздегі жылдың желтоқсан айындаИталияда өтетін халықаралық қысқы сурдлимпиада ойындарында еліміздің намысынқорғайтын болады.