Каноеден ерлер арасындағы командалық жарыста А. Куликов, Қуаныш Еренғайыпов және Әділ Аманбаев үштігі Азия чемпионы атанды.
Бұл қашықтықта күмісті Өзбекстан, қоланы Таиланд спортшылары иемденді.
Сондай-ақ, байдаркашылар арасындағы командалық бәсекеде Ә. Аманбаев, Қ. Еренғайыпов және Становский үшінші нәтижені көрсетті.
Алтын жүлде Тайпей, күміс Өзбекстан спортшыларында.
Еске сала кетейік, жекелей сында бірнеше қазақстандық спортшы финалға жолдама алған болатын.