деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕСЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сессия барысында 3 сыныпты астық фьючерстері үшін өткен сауда барысында 12 149 800 теңгелік 12 фьючерстік келісімшарт сатылған. Оның 4-і ақпан, 4-і наурыз, 4-і сәуір айында орындалады. 3 сыныпты астық үшін ақпан айындағы фьючерс бағасы биылғы жылғы алғашқы сауда күнімен салыстырғанда 720 теңгеге өсіп, орташа бағасы тоннасына 15 500 теңгені құрады. Наурыз айындағы 3 сыныпты астық бағасы да 720 теңге көлемінде өсіп, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 15 560 теңге болды. Сәуір айындағы котировкалардың 3 сыныпты астық үшін бағасында да 720 теңге өсім болып, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 15 670 теңге болды. Ал 4-ші сыныпты астық үшін 10-ы - ақпан айында, 4-і - наурыз айында, 4-і - сәуір айында орындалатын 14 781 000 теңгелік 18 фьючерстік келісім сатылды. Бұнда ақпан айындағы астық бағасы 500 теңгеге өсіп, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 12 800 теңгені құрады. Наурыз айындағы фьючерстер бағасы тоннасына 12 300, сәуір айында орындалатн фьючерс бағасы 12 350 теңгені құрады. Күндізгі сессияның жалпы айналымы 26 930 000 теңгені құрады.