ЕСЖ тауар нарығында алты айлық астық фьючерсі іске қосылды

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биржа -замануи нарықтың ең қажетті құралдарының бірі, оның негізгі басымдылығы-айқындылығында. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы кешені экономикасы мен ауылдарды дамытудың қазақстандық инстиутының жетекші ғылыми қызметкері, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның ауылшаруашылығы кешені өндірістік қаржылық ресурстары бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Амантай Құлтаев Алматыдағы ЕСЖ тауар биржасында қыркүйек, қазан, қараша айында орындалуы тиіс фьючерстердің іске қосу шарасы барысында айтты.

Оның айтуынша, биржалық мүмкіндіктерді таныстыруды насихаттаудың үлкен шарасын қолға алу керек. «Брокерлар фермерлермен белсенді жұмыс істеп, биржаның тиімділігін түсіндіру керек. Қазір аз астық өндіретін фермерлер экспорт нарығына шағы алмайды. Оларға бұл ретте биржа үлкен көмек болар еді», дейді ғалым.

Оның айтуынша, фермерлерді 10 пайыздық алым үркітуі мүмкін. «Бұл жерде мемлекеттік көмек қажет. Меніңше, бұл ақша түріндегі кепілдік алымдарын астық түрінде беруге мүмкіндік жасау керек», дейді ол. ЕСЖ тауар биржасының басқарма төрағасы Құрмет Оразаевтың айтуынша, қазақстандық нарықта жаңа биржалық құрал - қыркүйек, қазан, қараша айында орындалуы тиіс фьючерс енгізіліп отыр. «Қазіргі басты мақсат, осы құралдың тиімділігі туралы бұқараға дұрыс түсіндіру. Бұл ретте сарапшылардың бұқаралық түсіндіруі керек. Алғаш ретте бұл құрал қиын көрінуі мүмкін. Алайда біз жыл бойы оның техникалық және ақпараттық жақтарын түгел сынап көрдік», дейді биржа басшысы.

Қор өкілдерінің айтуынша, алты айлық фьючерсті іске қосу осы кезеңге бекер келіп отырған жоқ. «Егін егу науқаны аяқталды, сондықтан бұл құрал дәл қазіргі уақытта нарыққа қатысушыларға қажет», дейді Қ.Оразаев.