«Төрт жыл бұрын Халықаралық ракпен күрес агенттігінің мамандары күн сайын етті қалыпты мөлшерден елу грамға көк тұтыну рактың пайда болу мүмкіндігін арттыратынын анықтаған болатын. Сонымен қатар, өңделген ет пен рактың басқа түрлерінің де арасында байланыс бары айтылған еді», деп жазады автор. Оның айтуынша, еттің адам денсаулығына әсерін зерттеу үшін сегіз мемлекеттің ғалымдары NutriRECS зерттеу консорциумын құрды.
«Ғалымдар арнайы база құрылғалы бері былтырғы жылға дейінгі мәліметтерді сараптаған. Ғалымдар өңделген етке қақталған, сүрленген және кептірілген етті жатқызған. Анализ барысында ғалымдар ет тұтыну мен рак, жүрек қантамыр және басқа да аурулардың арасында байланыс жоғын анықтады», деп жазады басылым.