Етігіне есірткі жасырып өтпек болған жігіт шекарада ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан «Қапланбек-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары кеше кешкі сағат алтының шамасында иісшіл иттің көмегімен 34 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Қызметтік ит аталған азаматтың аяқкиімінде есірткінің бар екендігін білдірді, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Амал жоқ, әлгі азамат аяқкиімін шешуіне тура келді. Иттің белгісі тура болып шықты - аяқкиім ішінен 151,3 грамм марихуана табылды. Есірткінің жасырып Өзбекстанға алып өтпек жерлесіміздің қулығы іске аспады.