Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды тапсыру Ережелері бекітілді - ҚР Үкіметінің Қаулысы

None
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат -  ҚР Үкіметінің Қаулысымен Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды тапсыру Ережелері бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2012 жылдың 4 қарашасынан, № 1293 бұйрық

Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды тапсыру ережелерін бекіту туралы

 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды тапсыру ережелері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                           Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Декларацияны тапсыру ережелерін республикалық газеттерден оқыңыздар.