Этникалық қазақ Мұрат Оңал голландиялық футбол клубында ойнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда тұратын этникалық қазақ, осы уақытқа дейін бірінші лигадағы шымкенттік «Қыранда» ойнаған Мұрат Оңал голландиялық футбол клубының мүшесі болды.

Шабуылшы Голландия чемпионатының үшінші дивизионындағы лидерлердің бірі - "Лиссеге" ауысты.

Атап өтер болсақ, 28 жастағы Мұрат Оңал «Қыранда» екі маусым доп тепті. Осы уақыт ішінде 28 рет қақпа торын тулатты.

Сондай-ақ ол лигадағы ең үздік сұрмерген атанды.