Этникалық қазақтарды оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары бекітілді - министр бұйрығы

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтарды және олардың отбасылары мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасы бекітілсін.

2. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталығына алғашқы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 28 қазандағы №570 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 28 қарашада №7310 болып тіркелген, 2011 жылы 10 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде №611-615 жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Т. ДҮЙСЕНОВА.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 5 тамызда №8599 болып енгізілді

Қосымшалар мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.