Этноқұрылымдардың жетекшілеріне Павлодар облысы әкімінің гранттары табыс етілді

None
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кіші Ассамблея мүшелерімен кездесіп, тыныштық пен келісімге қосқан қомақты үлестері үшін этноқұрылымдардың жетекшілеріне гранттар табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Б.Сағынтаев көпұлтты қоғамымызда кіші Ассамблеяның және ұлттық-мәдени орталықтардың өзара сенімділік орнатудағы, ұлтаралық және конфессияаралық келісім құрудағы жұмыстарына жоғары баға берді. «Біз барлығымыз бір отбасының адамдарымыз - біз қазақстандықтармыз», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Ертең Достық үйінің алдындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп, Павлодардың ұлттық-мәдени орталықтарының өнер ұжымдары ортақ концерт ұсынады.