«Өз міндетімізді, сайлаудың Қазақстан халқының тарихи тағдырына әсері мен маңыздылығын түйсіне отырып, біз - этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қауымдастық, ғылыми-шығармашылық зиялылары, жастар - Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдайтындығымызды мәлімдейміз»,-деді «Қазақстан украиндарының радасы» республикалық бірлестігінің төрағасы Юрий Тимощенко Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, акция аясында этномәдени бірлестіктер сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезеңінде өз кандидаттарын демеу мақсатында елдің барлық облыстарында түрлі шаралар өткізуді жоспарлауда. «Біз халықтық қолдау акцияларын, жиналыстарын, кездесулерді, митингілерді, пікіралмасу жиындарын Қазақстанның барлық аймақтарында ұйымдастырамыз. Аталмыш акция Қазақстан заңдарының шеңберінде, заңға сай өткізіледі. Біз бүкіл азаматтарды оның этникалық тәнділігіне, діни ұстанымына, әлеуметтік деңгейіне, тұрғылықты жеріне қарамастан аталған акцияны қолдауға шақырамыз»,-деп атап көрсетті ол Қазақстан халқына үндеуінде.
Сонымен қатар Ю. Тимощенко, «өзге кандидаттардың азаматтық ұстанымдары мен саяси сенімдеріне сыйластықпен қарай отырып», оларды «конструктивті үгіт-насихаттық компания өткізуге» шақырды.
«Осылайша біз халықаралық қауымдастыққа өзіміздің саяси толысқанымыздың жоғары деңгейін, әрбір қоғам мүшелерінің жауапкершілігін көрсетуіміз қажет. БАҚ өкілдерін сайлауалды науқанның барысын әділ әрі объективті түрде жариялауды сұраймын»,-дейді ол.