Этносаралық қатынастар мәселесімен айналысатын Жетекші журналист-сарапшылар клубының бірінші отырысы өтеді

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесіп,

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселесімен айналысатын Жетекші журналист-сарапшылар клубының бірінші отырысын өткізеді.

Алқалы жиынға Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары -хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысады.

Кездесу аясында Қазақстанның ел бірлігі доктринасын жүзеге асыру, сонымен қатар біртұтас ақпараттық кеңістіктің құрылу мәселелері талқыланып қарастырылады деп жоспарланып отыр.

Оған қоса түстен кейін отырысқа қатысушылар үшін «Казахстанская правда» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Т.Костина аталған басылым беттерінде этносаралық келісімнің қазақстандық моделі: жанр, тақырыптар, айдарлар» тақырыбындағы шеберлік сабағын өткізеді.

Сондай-ақ кәсіби мерекенің қарсаңында этносаралық қатынастар төнірегіндегі мәселелерді кеңінен насихаттаған БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталады.