Этносаяси лагерь Баянауылда Павлодар облысының жас лидерлерін жиды
17:35, 10 Тамыз 2015
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының «Жастар - Отанға!» жобасы бойынша этносаяси лагері 100 павлодарлық жас лидерді оқу мен демалуға Баянауылға жиды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндетін қойды, - деді «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрманова. - Бұл тапсырманы орындау үшін Президент 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша алға қойылған мақсатқа жетудің механизмдері көрсетілген «100 нақты қадам» бағдарламасын жасақтады. Әрбіріңізде өз-өзін жетілдіру, елімізді дамытуға үлес қосу бойынша «100 қадамдарыңыз» бар деп ойлаймын».
«Жастар - Отанға!» этносаяси лагері аясында түрлі тренингтер, дискуссиялар, ойындар мен спорттық жарыстар өтті. Сондай-ақ, ел өиіріндегі өзекті мәселелер де талқыланды.