Этножурналистика саласы бойынша «Шаңырақ» конкурсы ұйымдастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып табылады.

Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жекелеген авторлар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет ресурстарында 2014 жылдың 1 қаңтар мен 6 қараша айлары аралығында жарияланған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар қабылданады.

Материалдар 6 қазан мен 6 қараша аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысушылар жұмыстарын ұйымдастыру комитетіне жолдай алады. Іріктеу 6 номинация бойынша жүргізіледі және жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Толығырақ ақпаратты www.mki.gov.kz және www.allhistory.kz сайттарынан ала аласыздар.