Этножурналистика саласында «Шаңырақ» байқауы жарияланды

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан халықтары Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылатын этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» атты конкурсқа қатысу үшін материалдарды қабылдаудың басталғанын жариялайды.

Байқаудың мақсаттары және міндеттері:
- қоғамдағы этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
- этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық үндестік саласындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін жария ету;
- Қазақстанда өмір сүретін қазақ халқы мен этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- қазақстандық этножурналистиканы дамытуға ықпал ету;
- этносаралық келісім тақырыбын жариялаудағы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен жауапкершілігін арттыру.

Конкурсқа қатысу үшін 2013 жылы БАҚ баспаларында және Интернет-ресурстардағы, оған қоса теле-радио хабарлары мен бағдарламаларында мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған мақалалар қабылданады.

Ұсынылатын материалдардың мазмұны рухани келісім идеяларын қалыптастыру мен таратуға, қазақстандық патриотизмге бағытталуы қажет. Сонымен қатар, ұсынылатын материалдар Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынастың әртүрлі қырларын қамтып, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен кіші ассамблеялардың қызметін баяндап, Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға атсалысуы қажет.

Байқау 5 аталым бойынша өтеді:
- Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту;
- Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялау;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру;
- Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту;
- мемлекеттік тілдің рөлін көтеру.

Конкурсқа қатысушылар Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz ресми сайтында тіркеліп, сауалнаманы толтыруы және конкурстық жұмыстарын онлайн түрінде бекітуі қажет. Кең көлемдегі конкурстық жұмыстарды (10 Мб аса) shanyrar2013@bk.ru немесе YouTube-қа тіркелген электрондық мекен-жайға жолдау қажет.

2013 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Министрліктің ресми сайтында ашық дауыс беру басталады. Дауыс беру сайтта тіркелгеннен кейін ғана мүмкін болады. Онлайн дауыс беру негізінде қазылар алқасы жеңімпаздарды 5 номинация бойынша анықтайды.

Желтоқсан айында оларды Қазақстан халқы Ассамблеясының және Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағалы сыйлықтарымен және құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтетін болады.