Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - 24 желтоқсанда этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды,

деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл байқау келесі аталымдар бойынша өткізілді:

1) Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

4) Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар;

5) мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-радио бағдарламалар.

Нәтижесінде, «Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясы бойынша - «Знамя труда» газетінің тілшісі Михаил Тё жеңімпаз деп танылды.

 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Мемлекеттік рәміздердің рөлін жариялаған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» аталымында ҚР Түрік этномәдени орталығының халықаралық «Ахыска» басылымының тілшісі Гүлбану Қалтөре үздік шықты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясы бойынша Қостанай облысының «Сарыкөл» газетінің тілшісі Наталья Комарова жеңімпаз аталды.

«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио хабарлар және бағдарламалар» номинациясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, балаларға арналған басылымдар мен ғылыми жарияланымдардың авторы Людмила Хочиева жеңіске жетті.

«Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-радио бағдарламалары» номинациясы бойынша ҚР мәдениет қайраткері, Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, жазушы - журналист Сабыржан Шүкірұлы жеңімпаз деп танылды.