« ЕТС» тауар биржасы жұмысын уақытша тоқтатты

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/-«ЕТС» тауар биржасы өз жұмысын уақытша тоқтатты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің 26.11.2009 жылғы № 1942 қаулысымен тауарлық биржалар лицензия алуы тиіс болатын. «ЕТС» тауар биржасы осыған сәйкес өз жұмысын жаңа лицензия алғанға дейін тоқтатқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, биржалық сатылымдар ақпанның 1-де жалғасады.