Оның айтуынша, құжаттар қару үшін дайындауға жіберіліп қойған.
Мұндай мәлімдемені Шувалов Молдованың Еуроодақпен қауымдастығына байланысты Ресей нарығын қорғау үшін тез арада шешім қабылдау керек деген Д.Медведевтің талап еткенінен кейін жасады.
И.Шуваловтың айтуынша, қажет механизмдер Кеден Одағы және Дүниежүзілік суда ұйымының нормативтік актілеріне байланысты қарастырылған. Медведев Кеден Одағының өзге мүшелерімен талқылағаннан кейін шешім қабылданатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні Украина президенті Петр Порошенко, Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили және Молдавия премьер-министрі Юрий Лянкэ өз елдерінің еркін сауда жасау және Еуроодақпен қауымдастық туралы экономикалық келісімге қол қойған болатын. ЕО тарапынан құжатқа Еуропалық кеңес басшысы Херман ван Ромпей, Еурокосмиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу және ЕО мүше-мемлекеттердің басшылары қол қойды.