ҚР Президентінің атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысты 151 келісімнің 87-сі сақталып, 64-і өз күшін жоятын болады.
«Бүгінгі таңда үш ел ғана, Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы мен БЭК-тің мүшесі болып отыр. Дегенмен, осынау интеграциялық ұйымның есігі ашық. Қырғызстан қазірдің өзінде ЕЭК-тің табалдырығында тұр десек те болады. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін біз оны қабылдаймыз деп сенеміз. Жол картасы жұмыс істеуде», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аталған ұйымды қаржыландыру мәселесіне қатысты түйткілді мәселелердің орын алып отырғанын баса айтты.
«Соңғы жылдары барлық мемлекеттер өздерінің қаржылық міндеттемелерін бірдей орындамай отырғаны құпия емес. Тек, Қазақстан мен Ресей ғана 100 пайыз жарналарын енгізіп келеді. Егер, Қазақстан не болмаса, Ресей ЕурАзЭҚ-тан шығатын болса, онда бұл ұйымның қызмет етуіне қатысты жалпы, мәселе туындайды. Сондықтан да, бұған жол бермей, біздерге бүгін шешім қабылдау қажет», - деді ҚР Президенті.