ЕурАзЭҚ-тың келесі отырысы күзде Минскіде өтеді
21:33, 04 Ақпан 2009
МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың келесі отырысы ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Минскіде өтеді.
Бұл туралы бүгін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысында Беларус Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның дәл уақыты келісілетін болады, деп қосты ол.