Оны Еуразиялық даму банкінің Ықпалдастықты зертеу орталығының директоры Евгений Винокуров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ортақ валютасын қабылдау болашақтың еншісінде. Әзірге ұлттық валютаны біздің кеңістікте өзара қолдану мәселесін шешу керек. Бірыңғай валюталық есептеу туралы содан кейін ғана айтуға болады», - дейді Евгений Винокуров.
Оның айтуынша, егер ықпалдастық үдерістерін үй келбетінде көзге елестетін болсақ, сауда инвестициясы - оның тұғыры. Кеден одағы - бірінші қабаты, Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімі - екінші қабаты. Ал валюталық ықпалдастық - оның шатыры. Шатырды салуға әлі ерте. Сондықтан валюталық ықпалдастық мәселесін талқылауға болады, бірақ оны жүзеге асыру таяу жылдардың мәселесі емес.