ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық ассамблеясында басшылық ауысты
12:20, 14 Мамыр 2009
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/- Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық ассамблеясында басшылық ауысты.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, Ассамблеяға алдағы екі жылда Беларус Республикасы төрағалық ететін болғандықтан, ұйымға Беларус Республикасы Ұлттық жиналысының спикері Борис Батура басшылық ететін болды. Ассамблеяның бұрынғы төрағасы, Тәжікстан Парламентінің спикері Махмадсаид Убайдуллоев пен Қырғызстанның Жогорку Кенешінің төрағасы Айтибай Тағаев төрағаның орынбасарлары болды.