АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде екінші болып жарыс жолына шыққан Қазақстан балуандары Польша құрамасын 7:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Грузия балуандары өзбекстандық қарсыластарын 6:2 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.
Бұл бәсекеде 55 келіде - Марат Нығыматұллаев, 60 келіде - Ержан Мағауинов, 66 келіде - Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде - Aйдос Ғалымов, 82 келіде - Дәулет Пахриддинов, 90 келіде - Айбол Айтбек, 100 келіде - Мұхит Тұрсынов, 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғап жатыр.
Қазір жарыс алаңына Тәжікстан балуандары мен Моңғолия балуандары шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.