Өзбек балуандары екінші айналымда құрлықтың арғы бетінен келген Бразилия балуандарын 8:0 есебімен ойсырата ұтты. Айта кетерлігі Бразилия командасы «Еуразия Барысы» турниріне биыл тұңғыш рет қатысып отыр.
Енді, өзбек балуандары үшінші айналымда «Қазақстан 2» командасымен сынға түсетін болады. Алғашқы іріктеуде өзбек балуандары Камерун балуандарын 7:1 есебімен ұтып, жеңіске жеткен болатын. Айта кетерлігі, Камерун елінің балуандары да «Еуразия Барысы» турниріне алғаш рет қатысып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аталған турнирге екі құраммен өнер көрсетіп жатыр.
Олар:
Қазақстанның 1-ші құрамасы:
-55 келі: Дауылбай Оспан
-60 келі: Қуаныш Ысқақов
-66 келі: Бақдәулет Сәбитов
-74 келі: Айдос Ғалымов
-82 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров
-90 келі: Бекзат Ахметбеков
-100 келі: Асыл Бәрменов
100 келі: Айбек Нұғымаров
Қазақстанның 2-ші құрамасы:
-55 келі: Дәулет Ниетбай
-60 келі: Ержан Мағауинов
-66 келі: Қасымхан Төленбай
-74 келі: Амангелді Төлемісов
-82 келі: Сахан Әбдіқасым
-90 келі: Саят Шәмшиев
-100 келі: Виктор Демьяненко
100 келі: Руслан Әбдіразақов.