Еуразия даму банкі Арменияға ресейлік астықтың импортын қаржыландырады

АЛМАТЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі Арменияның 'Эко-Пюр' жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ашылған 30 миллион. доллар көлеміндегі кредиттік желі аясында алғашқы траншты аударды.

Бұл қаржы Арменияға 25 мың тонна астық импорттауға жұмсалмақ. Арменияға бидай дәнін сатып алу мен тасымалдауды қаржыландыруға кредиттік ресурсты ұсыну туралы келісімге 2010 жылдың желтоқсанында Мәскеуде қол қойылған болатын. Ағымдағы жылы ТМД елдері нарығында бидай дәнімен қамтамасыз етуде қолайсыз ахуал байқалуда. Бұл жобаны жүзеге асыру Арменияда нан мен ұн бағасын қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ Ресей мен Армения арасындағы тауар айналымын ұлғайту арқылы ықпалдастық байланысты дамытуға қызмет ететін болады.

"Эко-Пюр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Армениядағы ұн өндіру мен сатудағы ірі өндіруші саналады. Олар ұнды Чаренацаван қаласындағы жеке диірмен комбинатында өндіреді.