Энергетиткалық жобада Батыс Даина өзенінде қуаты 21,75 МВт болатын гидроэлектрстансы құрылысы қарастырылған. Ондағы электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты 112 млн. кВт/с құрайды. ЕДБ-дің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, несиеге Беларус Республикасы мемлекеттік кепілдеме беріп отыр. Жобаны елдегі электр энергиясының 40 пайызға жуығын өндіретін "Витебсэнерго" кәсіпорны жүзеге асырмақ. Бас мердігер - «ВО «Технопромэкспорт» ААҚ-ы.
19:05, 08 Қараша 2010
Еуразия даму банкі Полоцк ГЭС-нің құрылысына 99,8 миллион доллардың несиесін беретін болды
АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі (ЕДБ) Беларус Республикасындағы Полоцк ГЭС-нің құрылысына 10 жыл мерзімге 99,8 миллион доллар мөлшерінде несие беретін болды. Бұған дейін өткен сәрсенбі күні Минскіде ЕДБ мен 'Витебскэнерго' республикалық унитарлық кәсіпорны арасында келісімге қол қойылған болатын.