Тараптар сондай-ақ, келісімнің әрекет ету мерзімін 12 айға, яғни 2013 жылдың қаңтарына дейін ұзартуға уағдаласты. Келісімшарт талабы бойынша Еуразия даму банкі ұсынатыннесиенің кемінде 60 пайызы ресейлік банктің Еуразия даму банкіне мүше-мемлекеттер аумағындағы клиенттерінің экспорттық-импорттық операцияларын қаржыландыруға бағытталуы тиіс.
"Еуразия даму банкінің өткен жылғы келісім аясында ұсынған 10 миллион долларының бәрі Ресей-Белорус сауда келісім-шарттарын қаржыландыруға жұмсалды. Несиелер металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдері салаларында мамандандырылған компаниялардың экспорттық-импорттық операцияларына берілді", - дейді "Санкт-Петербург" банкі" ААҚ-ның қаржы институттарымен жұміс жөніндегі директоры Константин Носков.