1976 жылы Мәскеуде өмірге келген Е. Таубкин 1998-2007 жылдары «Капитал» ИГ ЖАҚ-та Активтерді басқару бөлімі қызметкерінен Тәуекелді басқару департаменті директорына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2007-2009 жылдары РОНАНО мемлекеттік корпорациясын құруға атсалысып, бас директордың кеңесшісі болды. Сондай-ақ 2007 жылдан бері Еуразия даму банкіне ауысқанға дейін «АЛЕМАР» ИФК ЖАҚ-ның басқарушы директоры боп қызмет атқарды.
12:53, 10 Шілде 2012
Еуразия даму банкінде жаңа құрылымдық қаржыландыру директоры тағайындалды
АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Евгений Таубкин Еуразия даму банкінің құрылымдық қаржыландыру жөніндегі директоры болып тағайындалды.