«Еуразия елдері парламенттері төрағаларының V Кеңесі 2020 жылы Индонезияда өтеді», - деді Мәжіліс төрағасы кеңес отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.
Индонезия Парламенті Өкілдер палатасының вице-спикері Фадли Зон Қазақстанның елордасында белгіленген кеңес рухын одан ары қолдауға барлық күш-жігерлерін салатынын мәлімдеді.
«Біз Еуразияның осынау рух пен энергиясын жалғастыратын боламыз. Ортақ мүддеміздің біртұтас мақсатын білдіретін тақырып ұсынамыз», - деді ол.
Фадли Зонның нақтылай түсуінше, Еуразия елдері парламенттері төрағаларының V Кеңесі 2020 жылдың екінші тоқсанында Бали аралында өтеді.