«Еуразия» фестивалі Қазан кино фестивалімен серіктестік орнатты
Қазақ делегациясының құрамында келісімге қол қою рәсіміне Түрік кино қауымдастығының мүшесі, продюсер Қанат Төребай қатысты.
Оның алдында Шарм әл-Шейхта, Швейцарияның FIFOG Шығыс киносы фестивалімен, Ыстанбұлдың «Түрік әлемі» деректі кино фестивалімен келісімдерге қол қойылған болатын.
«Биыл мен Қазақстандағы XIV «Еуразия» Халықаралық фестиваліне бардым. Біздің көзқарасымыз ортақ, контентіміз өте жақын. Осы келісімге қол қойылуының символдық мәні бар», - деді Миляуша Айтуғанова.
Қазақстандық фильмдер жыл сайын Қазан фестивалінің түрлі аталымдарына ұсынылады. Бұл жолы «Мама», «Я вернулся», «Стойкость» атты фильмдер ұсынылған.
«Татарстан - Қазақстанға жақын, бауырлас республика. Біздің тіліміз, тарихымыз, менталитетіміз, өнеріміз, ғылымымыз жақын. Тағдыр бізді жолықтырғанына қуаныштымын. Біз Алматыда режиссер Шәкен Аймановқа арналған фестиваль ашамыз. Түркі тілдес елдердің киносына мән беріледі», - деді Қанат Төребай.
Миляуша Айтуғанова жуық арада Татарстан Қазақстанмен бірлесе фильм түсіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге келетінін жеткізді.