«Еуразия» компаниясы Халықаралық авиа-ғарыштық салондағы тәуекелді қайта сақтандыруға қатысады

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразия» компаниясы тамыздың 18-23 күндері Жуковский қаласында өтетін Халықаралық авиа-ғарыштық салондағы тәуекелді қайта сақтандыруға қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ресейлік жоғары технологиялар мен ашылымдарды таныстыруды көздейтін бұл  авиа-форумның авиасалонындағы тәуекелді қайта сақтандыруға  "Еуразия" компаниясы дәстүрлі түрде бұрыннан-ақ қатысып келе жатыр. Қазақстандық  сақтандырушының бұл жобаға қатысуы оның халықаралық сақтандыру нарығындағы  беделінің жоғары екенін айқын аңғартады. Негізі  1995 жылы  қаланған бұл компания қазіргі таңда әлемнің 80-ге жуық елінде өз қызметін жүзеге асырып жатыр.