Еуразия кубогының бас жүлдесін Тәжікстан шахматшысы иеленді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда блиц шахматтан Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Кубогы халықаралық турнирі аяқталды. Оған 30 елден 100-ге жуық шахматшы қатысты. Жарыстың жүлде қоры - 100 мың АҚШ доллары.

Бұдан кейін  Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Кирсан Илюмжинов сөз сөйледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Еуразия кубогының алтын медалі мен 30 мың доллар бас жүлдесін 16 ұпай жинаған Орталық Азия кубогінің күміс жүлдегері Фаррух Амонатов (Тәжікстан) иеленді.

Екінші орында (16 ұпай) - Еуропа чемпионы 25 жастағы Ян Непомнящий (Ресей). Оған 20 мың доллар сыйақы берілді. Жарыстың қола медалі мен 14 мың долларды елінің екі дүркін чемпионы және олимпиадаға бес мәрте қатысқан Баадура Джобавы (Грузия) алды. Оның қоржында 15.5 ұпай.

Турнирдің үздік қазақстандық шахматшы атанғандар - Ринат Жұмабаев (13.5 ұпай) және Гүлісхан Нақбаева (11).Оларды Қазақстан шахмат федерациясы 1 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақымен марапаттады.

Жарысқа әлемнің әйелдер арасындағы бүгінгі күннің чемпионы Хоу Ифань (Қытай) алғаш мәрте келді.  Кубоктың құрметті қонақтарының арасында әлемнің бірнеше мәрте чемпионы Алексей Карпов та бар.         

Турнир қатысушыларының қатарында Ян Непомнящий (Еуропа чемпионы), Александр Грищук (әлемнің блиц шахматтан үш дүркін чемпионы) және Петр Свидлер (әлем Кубогының иегері, барлығы да ресейлік), Ван Хао (Қытай чемпионы), Борис Гельфанд (әлем Кубогының иегері, Израиль), Ле Куанг Льем (блицтен әлем чемпоны, Вьетнам) және Шахрияр Мамедьяров (Еуропаның екі мәрте чемпионы, шапшаң шахматтан әлем чемпиона, Әзербайжан) секілді танымал шахматшылар бар.

Кубокты ұйымдастырушылар - Қазақстан шахмат федерациясы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.  Кубок Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ), Қазақстанның спорт және мәдениет министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.