Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жеңімпаздарды Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан секілді ТМД-ға мүше он бір мемлекеттің үкімет жетекшілері анықтады.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлығы байқауы екі жылда бір рет конкурстық негізде өткізіледі, оның ішінен бірнеше мәрте сараптаудан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. ТМД елдері экономикалық кеңесінің сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары өндіретін өнімдер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын және жаңа экономикалық жағынан тиімді инновациялық жобаларды бағалау үшін ұйымдастырылып келеді.