Еуразия ұлттық университетінде діни өлеңдер мүшайрасы өткізіледі

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 14-і күні Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің мәжіліс залында дінімізді көркем сөзбен өрнектеп, кеңінен насихаттау мақсатында діни өлеңдер мүшайрасы өткізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мүшайра «Асыл арна» студиясының түсірілуімен өтеді. Ақындар көркем тілмен Алланы ұлықтап, пайғамбарымыз Мұхаммадке (с.ғ.с) салауат айтады. Имандылық, ар-ұят, ізгілік, тәрбие мәселесін, отанды сүю-иманнан деген тақырыптарда сөз жарыстырады. Мүшәйрада жас ақындармен қатар, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин, Арман Бердалин сияқты белгілі ақындар өлеңдерін оқиды.