деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара барысында Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген оқуы үздік студент-жастар мен жас ғалымдар Президент Жолдауында көрсетілген білім-ғылым, салауатты өмір салты және тағы басқа мәселелерді талқыға салып, осы мақсат-міндеттерді орындау жолындағы қазақстандық жастардың ұстанымын тілге тиек етпек. Жиынға университет ғалымдары, жастар ұйымдарының өкілдері мен жетекшілері қатыспақ.