Еуразия ұлттық университетінде үздік түлектер құрылтайы өтеді

АНА. 23 маусым. ҚазАқпарат- /Ақбота Күзекбай/ - Ертең, 25 маусым күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үздік түлектер құрылтайы өтеді,

деп хабарлайды аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Шара аясында "Үздік куратор-2011" байқауының қорытындысы жарияланып, университетте үздік оқыған түлектер марапатталады. Биыл жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің 600-і қызыл диплом иегері атанады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан 12 студент ректордың арнайы алғыс хатын алады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласады.