деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын аясында ағымдағы жылдың басында қолға алынған «Отандық журналистиканы сапалы деңгейге көтеру арқылы аймақтағы тәуелсіз БАҚ-тарды дамыту» атты жобаның таныстырылымы болды. Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан осы жоба аясында еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының бағдарламасына экологиялық, құқықтық, іскерлік және зерттеу журналистикасы сияқты оқыту курстарын енгізу жоспарланып отыр. Жоба жетекшісі Жанна Прашкевичтің айтуынша, осы іс-шараларды іске асырудың арқасында журналистика саласындағы жас мамандардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына жағдай жасалмақ. «Бір өкініштісі, аталған оқыту бағдарламасы бойынша қазақ тіліндегі оқыту курстары жоқ», дейді Ж.Прашкевич.