Еуразия ұлттық университетінің 185 түлегі магистр атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразия ұлттық университетінің 185 түлегі магистр атанды. Олар Индустриалды иинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алған, деп хабарлайды 24.kz.

Түлектердің 112-сі құрылыс материалдары, өнімдері және құрылымдары, ал 73-і ғарыштық техника мен технология мамандығы бойынша 1 жарым жыл бойы білімдерін шыңдады. Сондай-ақ, оқу ордасында бағдарламаға сәйкес 4 зертхана ашылған. Заманауи лабораториялардың арқасында магистранттар тек теорияны жетік біліп қана қоймай, алған білімін тәжірибе жүзінде пайдалануды меңгерді. Енді қолына диплом алған жас мамандар жұмысқа белсене кірісіп, еліміздің индустриалды дамуына өзіндік үлесін қоспақ.

«Еліміздің дамуына өз үлесімді жерді қашықтықтан зондтау бағыты бойынша қоспақшымын. Себебі олар көптен зерттелмей жатыр. Соған «Қазақстан ғарыш сапарының» суреттері арқылы және де өзіміздің қорғаныс саласындағы Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің көмегі арқылы бізге төнетін қауіптердің алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстарға үлесімді қосқым келеді»,-дейді ғарыштық техника мен технология магистрі Айгүл Ибрашева.