«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 оқытушысы республикалық «ЖОО үздік оқытушысы - 2016» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл байқауға еліміздің жүзге жуық жоғары оқу орнынан 600-дей үміткер қатысты. Бағы мен бабы қатар шапқан Еуразия ұлттық университетінің үздік оқытушыларын құттықтаймыз!»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда «ЖОО үздік оқытушысы - 2016» жеңімпаздары ендігі жерде мемлекеттік грант есебінен әлемнің үздік университеттерінде тағылымадан өтіп, өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыра алатындығы айтылады.
«Жаңа жыл қарсаңында біз әріптестерімізді осынау қуанышымен құттықтай отырып, жеңістеріңіз жемісті болуын тілейміз!»,-дейді университет ұжымы.