Еуразия ұлттық университетінің үгіт-насихат топтары аймақтарға аттанды

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезінде қойған мақсат-міндеттерді, сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінің ғылым магистрі мен докторын даярлау саласындағы тәжірибесін насихаттау мақсатында аталмыш жоғары оқу орнының үгіт-насихат топтары облыстарға аттанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еуразия ұлттық университетінің ұстаздары мен жас ғалымдар кіретін осы үгіт-насихат топтары еліміздің барлық өңірлерінде, Алматы мен Астана қалаларында болып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы наурыздың 10-да өткен Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезінде отандық білім-ғылым саласының алдына қойған мақсат-міндеттерді, сондай-ақ оның білім мен ғылымға қатысты айтқан ойларын жан-жақты түсіндіретін болады. «Біз ЖОО-ларда арнайы дәрістер оқып, Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезі аясында туындаған Елбасының тапсырмаларын насихаттайтын боламыз», - дейді Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Елтүзеров.