«Еуразия» зейнетақы қоры Қазақстан қор биржасына шығуды көздеп отыр

АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ ІР-ға шығуды жоспарлап отырған жоқ. Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында компанияның Басқарма төрағасы Борис Уманов осылай мәлімдеді.

«Қазір «Еуразия» қаржы тобында талқылау жүріп жатыр. «Еуразия» зейнетақы қоры Қазақстан қор биржасына шығады. Біз бұл идеяны жеткілікті деңгейде өнімді деп санаймыз», - дейді «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов.

Оның айтуынша, «Еуразия» зейнетақы қоры қазіргі таңда кірісі, яғни К2 көрсеткіші бойынша зейнетақы нарығында бірінші орында келе жатыр. Сондықтан осы жағымды толқын бойынша олар қор акционерлеріне ұсыныс жасайды. Бұл идея жүзеге аса ма, аспай ма оны уақыт көрсетеді.