08:45, 20 Наурыз 2009
«Еуразия жүрегінен» - «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку» бағытындағы жаңа рейсі ашылды
БАКУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бакуде «Новости-Әзербайжан» халықаралық баспасөз орталығында «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку-Алматы» бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Air Astana» наурыздың 29-ынан бастап Алматы мен Бакудің арасында тұрақты әуе қатынасын бастайды. Бұл бағыт бойынша «Airbus А-320» әуе лайнері аптасына екі рет ? сәрсенбі және жексенбі күндері ұшатын болады. Компанияның Әзірбайжандағы менеджері Әділ Дәулетбектің хабарлауынша, жаңа рейсті ашудың қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген, себебі Қазақстан мен Әзірбайжанның арасындағы тату көршілік қарым-қатынас оңынан дамып келеді.