АСТАНА.KAZINFORM - Президент Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізетін құжатты мақұлдады.
- Мемлекет басшысы «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған Ақорданың ресми парақшасында.
Айта кетейік, Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.