Еуразиялық банк «БанкПозитив Қазақстан» АҚ 100% акциясын сатып алды
17:37, 31 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Еуразиялық банк" АҚ "БанкПозитив Қазақстан" АҚ 100% акциясын сатып алу бойынша келіссөздер аяқталғанын айтты.
«2015 жылы 30 желтоқсанда «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ "БанкПозитив Қазақстан" АҚ акцияларын сатып алу-сату келісімін тіркеді. Келісім "Еуразиялық банк" АҚ мен BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi A.S арасында жасалды. Аталған келісім нәтижесінде "Еуразиялық банк" АҚ "БанкПозитив Қазақстан" АҚ 100% акциясына ие болды», - деп хабарлады Қазақстандық қор биржасының сайтынан.
Осылайша, "БанкПозитив Қазақстан" АҚ "Еуразиялық банк" АҚ -ның еншілес банкі болды.