Операциялық шығыстардың кірістерге қатынасы (CIR) 2 пайызға қысқарып, 57,8 пайызды құрады. Таза пайыздық кіріс45,8 пайызға артып7,6 млрд. теңгені, таза пайыздық маржа(NIM) өткен жылдың ұқсас есептік кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артып,6,7 пайыздықұрап отыр. Провизиялар қалыптастырылғанға дейін операциялықкірісі46,1 пайызға артып, 15,9 млрд. теңгені құрады.
Таза пайданың өсуі банктік операциялар кірісінің ұлғаюы (таза пайыздық кіріс 45,8%өсті) және шығыстарды үздіксіз оңтайландыру үдерісімен байланысты. Банк өз қоржынының сапасын жақсарту және тәуекелдерді басқару жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Еуразиялық банк бұрынғысынша Қазақстанның банк секторындағы жұмыс істемейтін қарыздар (NPL) бойынша ең төмен көрсеткішке ие. Мысалы, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істемейтін қарыздар үлесі (төлем мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген жағдайда) жиынтық кредит қоржынының 7,2 пайызын құрады. Бұл ретте қарыздар бойынша ықтимал шығындарды жабу коэффиценті 112,9 пайыз болды. Кредит қоржынының құрылымында корпоративтік сегмент - 169,4, млрд теңге (50,4%); шағын және орта бизнес - 38,8 млрд теңге (11,6,%); бөлшек сегмент 127,6 млрд. теңгені (38%) құрады. Ал активтержыл басынанбері 16,9 пайызға өсіп, 431,8. млрд теңгеге жетті. Банктің кредит қоржыны 335,8 млрд. теңге деңгейіне дейін ұлғайды, ол 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 19,4 пайызға артық. Ал меншік капиталы 29,5 пайызғаартып,41,3 млрд. теңгені құрады.