Еуразиялық даму банкі қазақстандық жобаларға инвестиция көлемін ұлғайтты
2022 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын ала қорытындылары және келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Биыл Банк республикадағы жобаларға салынған инвестицияларды $1,2 млрд-қа дейін ұлғайтты, бұл өткен жылдың жоспардағы индикаторлары мен көрсеткіштерінен асып түсті.
2023 жылы ел экономикасының басым салаларына тағы $1,1 млрд бағыттау жоспарланып отыр.
Әлихан Смайылов кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда жобаларды іске асыруға кемінде $3,8 млрд көзделгенін хабарлады.
«Келер жылы қаржыландыру кезінде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарымен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі», — деді ЕАДБ басшысы.
Photo: t.me/KZgovernment