«Біз бүгінгі отырыс барысында интеграцияны сатылап жүзеге асыру туралы келістік. Бүгінгі күні ең маңызды Кедендік одақ аясындағы алып қоюларды жою, Бірыңғай экономикалық кеңістікті түпкілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыстың негізінде біз интеграциялық үдерістерді тереңдету туралы шешім қабылдайтын боламыз», - дей келе Мемлекет басшысы әңгіменің негізінен экономикалық интеграция туралы болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Президенттің айтуынша, экономикалық интеграция прагматизмге және барлық мүше-мемлекеттердің өзара тиімділігіне негізделген.